«Қолданбалы биотехнология» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

Абжанова Шолпан Аманкелдыкызы

Техника ғылымдарының кандидаты, АТУ, қауымдастырылған профессор

Тел.: 8(775) 333-86-24, 8(727) 396-71-33 (ішкі 120)

E-mail: sh.abzhanova@atu.edu.kz; sholpan-ab@mail.ru

Биотехнология — тірі ағзаларды, жасушаларды және биологиялық үдерістерді медицинада, ауыл шаруашылығында, тағам өнеркәсібінде және экологияда пайдалы өнімдер мен технологиялар алу үшін қолданатын ғылым мен өндіріс саласы.

«Тағамдық биотехнология» кафедрасы 1995 жылы құрылған.
2026 жылғы 5 қаңтардан бастап қайта ұйымдастыруға байланысты кафедра «Қолданбалы биотехнология» деп қайта аталды. Бұл атау білім беру және ғылыми қызмет бағыттарының кеңейтілгенін көрсетеді. Қолданбалы биотехнология биологиялық үдерістер мен технологияларды өнеркәсіп, медицина, экология және агробиотехнология салаларындағы практикалық міндеттерді шешуге бағыттайды.

Кафедраның алғашқы жетекшілері: химия ғылымдарының докторы, профессор Ержанов Қазбек Бекмағанбетұлы; ҚР БҒМ Мемлекеттік стипендиясының, «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, биология ғылымдарының докторы, профессор Хожамуратова Светлана Шарафедденовна; сондай-ақ ҚР Президенті грантының және ҚР БҒМ «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2010» грантының иегері, б.ғ.к., АТУ профессоры Лесова Ж.Т.

Қазіргі уақытта кафедра «Биотехнология» мамандығы бойынша «Бакалавр – Магистр – PhD» үш деңгейлі жүйе аясында мамандар даярлайды. Білім беру бағдарламасының барлық үш деңгейі НКАОКО Халықаралық тәуелсіз агенттігінде аккредитациядан өткен. Соңғы үш жылда «Биотехнология» мамандығы білім беру бағдарламаларының Бас рейтингінде бакалавриат бойынша — 4-орын, магистратура бойынша — 2-орын, докторантура бойынша — республикада 1-орынды иеленіп келеді.

 

Білім беру траекториялары:

Бакалавриат

Магистратура

Докторантура

Тағамдық биотехнология

Тағамдық биотехнология

Тағамдық биотехнология
 

Микроағзалар, өсімдіктер және жануарлар биотехнологиясы

 

 

Фармацевтикалық биотехнология

 

 

 

Қызметкерлер

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз